30 июня 2026

Исполнительный директор Палаты аудиторов Республики Казахстан принял участие в международной конференции

2026 жылғы 23–26 маусымда Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының Атқарушы директоры Ақан Арыстан Әзербайжан Республикасының Баку қаласында Әзербайжан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің (Омбудсменнің) аппараты мен Әзербайжан Аудиторлар палатасы бірлесіп ұйымдастырған «Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қорғаудағы аудиттің рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Іс-шара аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің кәсіби ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесулері мен келіссөздер өткізілді. Кездесулердің негізгі тақырыбы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бухгалтерлері мен аудиторлары кеңесінің Жарғысының жобасын талқылау болды. Аталған кеңесті құру кәсіби ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және түркі мемлекеттерінің аудиторлық және бухгалтерлік ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар құрылтай құжатының жобасын бірлесіп пысықтау жұмыстарын жалғастыруға ниетті екендіктерін растады. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бухгалтерлері мен аудиторлары кеңесінің Жарғысына қол қою 2026 жылғы 16 қыркүйекте Баку қаласында жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының аталған бастамаға қатысуы халықаралық кәсіби ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ өңірлік ықпалдастықты дамытудағы қазақстандық аудиторлық қауымдастықтың рөлін нығайтуға ықпал етеді.


23–26 июня 2026 г. Исполнительный директор Палаты аудиторов Республики Казахстан Акан Арыстан принял участие в международной конференции на тему «Роль аудита в защите интересов государства и хозяйствующих субъектов», организованной совместно Аппаратом Уполномоченного по правам человека (омбудсмена) и Палатой аудиторов Азербайджана в городе Баку, Республика Азербайджан.

В рамках мероприятия состоялись рабочие встречи и переговоры с представителями профессиональных организаций государств – членов Организации тюркских государств. Основной темой обсуждения стал проект Устава Совета бухгалтеров и аудиторов стран Организации тюркских государств, создание которого направлено на развитие профессионального сотрудничества, обмен опытом и укрепление взаимодействия между аудиторскими и бухгалтерскими организациями тюркских государств.

По итогам переговоров стороны подтвердили намерение продолжить совместную работу над учредительным документом. Подписание Устава Совета бухгалтеров и аудиторов стран Организации тюркских государств запланировано на 16 сентября 2026 года в городе Баку.

Участие Палаты аудиторов Республики Казахстан в данной инициативе способствует расширению международного профессионального сотрудничества и укреплению роли казахстанского аудиторского сообщества в развитии региональной интеграции.