Құрметті әріптестер-аудиторлар! Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен – 9 Мамырмен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – ерлік пен отансүйгіштіктің, батырлық пен бірліктің символы. Біздің халқымыздың тарихындағы ең ауыр сынақтарда көрсеткен табандылығы мен рухы бүгінгі ұрпаққа үлгі. Аудиторлық қауымдастық – ел экономикасының тазалығы мен ашықтығына жауапты, сенім мен әділдікті ту еткен кәсіби орта. Біздің еңбегіміз – бейбіт күннің тұрақтылығына қосқан үлесіміз. Сол себепті де бұл мереке – біз үшін тек өткенді еске алу емес, болашақ үшін жауапкершілікті сезінетін күн. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыстар мен бейбіт аспан тілейміз. Жеңіс рухы жүректеріңізде әрдайым мәңгі жасасын! Мереке құтты болсын! 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен! Ізгі ниетпен, ҚАҰ "ҚР Аудиторлар палатасы"